Дәрігер кеңесі
Жіті ішек инфекциясы – бірінші кезекте ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Ол, негізінен, бактерия, вирус сияқты микроағзалардан туындайды. Инфекция көзі – науқас адам немесе жіті ішек инфекция қоздырғыштарын тасымалдаушы. Бұл ретте айналадағы адамдар үшін, әсіресе, аурудың жеңіл, анық байқалмайтын және симптомсыз түріне шалдыққан науқастар өте қауіпті.
Микробтар науқастан және тасымалдаушыдан нәжіс, құсық және зәр арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Жіті ішек инфекциясын қабылдау өте жоғары. Сондықтан, ересектер, әсіресе, 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар ауруға жиі шалдығады. Жұқтыру қаупі ағзаға түскен қоздырғыштың мөлшеріне, сондай-ақ асқазан-ішек жолының барьерлік және ферментативті функциясына және ағзаның қабылдағыштығына байланысты.
Ауру, негізінен, нәжіс арқылы, тамақ, су және ортақ тұрмыс бұйымдарын қолдану арқылы жұғады. Қоздырғыштың ағзаға түскен кезінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бастап, 7 күн аралығында уақыт өтеді. Инфекция жұқтырғаннан кейін иммунитет 3-4 айдан 1 жылға дейін тұрақсыз болады. Сондықтан аурудың қайталануы әбден мүмкін.
Тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар - аурудың берілу факторы. Кейбір инфекцияларды жәндіктер (шыбындар, тарақандар) таратады. Сондай-ақ антисанитариялық жағдай, жеке гигиена тазалығынсақтамау, санитариялық қағидаларды сақтамай дайындалған тамақ өнімдерін тұтыну да жіті ішек инфекциясын жұқтыруға себеп бола алады.
Жіті ішек инфекциясы жылдың кез келген мезгілінде туындауы мүмкін. Вирусты инфекция көбінесе күн суытқанда, тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі артқан кезде көбейсе, бактериялық инфекциямен сырқаттану жаз мезгілінде арта түседі. Инфекцияның көпшілігі жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мысалы, іш сүзегі мен паратиф қоздырғыштары сүтте 70 күннен астам, ал суда бірнеше ай тіршілік етеді. Дизентерия бактериялары сүтте шамамен 6 күн өмір сүріп, көбейсе, өзен суында 35 күнге дейін сақталады. Вирустар қоршаған ортаның түрлі нысанында 10-15 күннен бастап 1 айға дейін, нәжісте 7 айға дейін жүреді.
Балалар арасындағы жіті инфекциялық диареяның этиологиялық құрылымы уақыт өте келе өзгереді. Қазір бұл динамика анық байқалып жатыр. Бұған бірнеше себеп бар: тамақ өнімдері өндірісінің жаһандануы, оның қауіпсіздігіне қойылатын талапты қатаңдату, балалар тағамы өнімін консервілеу және пастерлеу, табиғи экологиялық салдар. Жіті ішекинфекцияларының алдын алу шаралары:
Талғат Хабибуллин
Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы