Эпидемиологиялық ахуалға байланысты жасалған болжам

«Бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты 31 мамырға жасалған пессимистік болжам» деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев хабарлады.​ Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бірнеше даму сценарийіне дайындық жоспарын жасақтаған. Оқшаулау режимін сақтаған жағдайда, мамырдың аяғына дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 800 адамнан аспауы мүмкін.​

«Ал, карантиндік режим бұзылған жағдайда, қатерлі инфекцияға шалдыққандар саны 31 мамырға қарай 2 мың адамнан асуы мүмкін. Сол себепті, біздер шектеу шараларын біртіндеп, кезең-кезеңмен алып отыруға мәжбүрміз» деп нақтылады Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев.​

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің пікірінше, Атырауда қауіпті індеттің кеңінен таралып кетуінің алдын алу – тұрғындардың оқшаулану шараларын қатаң сақтауының және қызметіне рұқсат берілген мекемелердің санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауының нәтижесінде ​ мүмкін болған.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика