Емдеу орталығы ашылды

Қала шетіндегі айналма жол бойынан емдеу орталығы ашылды.

Көп уақыттан бері ұмыт болып, қазіргі кезде қайта жанданып келе жатырған халықтық емнің бір түрі – хиджама.

Нысан иесі Гүлнұр Шабикова хиджама жасаудың қыр-сырын Қарашай-Шеркес Республикасында оқып, меңгерген. Ол сондай-ақ шет елден бет күтіміне арналған косметикалық сылама жасау жолдары бойынша білімін толықтырған. Қаламызда жаңадан хиджама орталығының жұмысы басталғанын естіп, өзге ауданнан да ем іздеп келушілер де аз емес. Оны нысанның ашылуына келген қонақтардың санының көптігінен-ақ байқауға болады.

Аталған орталықта дертіне дауа іздеп келген жандарға барлық жағдай жасалған. Ем алу бөлмесі де санитарлық талапқа сай жасақталған. Мұнда I, II, III топ мүгедектеріне тегін қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ өзге де емделушілерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521