Еліміздің 40 мыңнан астам тұрғынына 2 пойыз көмек көрсетті

Науқастар дәрігерлер мен медбикелерге кәсіби деңгейде көрсеткен қызметтері үшін алғыс білдіреді.

Медициналық пойыз мамандардың кең спектрімен жұмыс істейтін клиникалары жоқ елдің шалғай аудандарында тегін медициналық көмек көрсетеді. Мұндай көмек ауыр аурулардың таралуына жол бермейді. Науқастар дәрігерлер мен медбикелерге кәсіби деңгейде көрсеткен қызметтері үшін алғыс білдіреді.

Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді және оның басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.

ekipoyiz1

2019 жылдың 20 тамызында "Денсаулық" медициналық пойызына қосымша "Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызы сияқты медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Өз кезегінде "Жәрдем" медициналық пойызы қазір Ақтөбе облысын аралауда. Екі пойыздың іске қосылу уақытынан бастап барлығы 40 479 адам тексерістен өткен.

Пойыз вагондары неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521