ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 6 МЛН АДАМДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Вакцинациялау ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталады

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялау ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталады және келесі тәртіп бойынша жүргізіледі.

- I кезең – инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі (РҚТБ), медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК), ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері жатады – 100 000 адам - 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап;

- II кезең – жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының (АООО), жоғары оқу орындарының (ЖОО) педагогтары, ведомстволық медициналық қызметінің медицина қызметкерлері – 150 мың адам – ағымдағы жылғы наурыздан бастап;

- III кезең – мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері (БМДМ) педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам - ағымдағы жылғы сәуірден бастап;

- IV кезең – Ішкі істер министрлігі (ІІМ), Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ), Қорғанысмині, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, БМДМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам - ағымдағы жылғы мамырдан бастап;

- V кезең – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам ағымдағы жылғы маусымнан бастап;

- VI кезең – тәуекел тобындағы қалған контингент – 600 мың адам ағымдағы жылғы шілде айынан желтоқсанға дейін.

Осылайша, жыл соңына дейін 6 млн.қазақстандыққа вакцина егу жоспарлануда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521