banner_damu

Елімізде 500 мыңнан астам студент мемлекет есебінен сақтандырылған

Оқу жылының басталуымен мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін жеңілдікті санаттардың бірінің өкілдері ретінде студенттердің сақтандырылған мәртебесін алу мәселесі ерекше өзектілікке ие болды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы бұл мүмкіндіктің шетелде оқитын қазақстандықтар үшін қалай қарастырылғанын, сондай-ақ студенттердің неге кейде сақтандырылмайтынын түсіндіріп кетеді. МӘМС туралы заңға сәйкес (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы), жасына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындардың барлығы (мейлі ол 18 жасқа толған мектеп оқушылары болсын, колледж, ЖОО немесе басқа да оқу орындарының студенттері болсын) азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Қазақстанда 500 мыңнан астам студент мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Бұл жеңілдік санатындағылардың 2 тобы бар:

- Қазақстанның аумағында білім алушылар; - шетелде күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар. Сақтандырылғандар мәртебесі Қазақстан аумағында оқитын азаматтарға жеңілдік ретінде беріледі және олардың деректері оқу орнының ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ол, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДҚ) біріктірілген. Деректерді енгізуге студенттер оқитын оқу орындарының әкімшілігі немесе деканаттарының қызметкерлері жауапты болады. ЖСН, Т.А.Ә., оқу кезеңі және оқыту нысанын дұрыс толтыру міндетті шарт болып табылады.

Егер бұл жолдар дұрыс толтырылмаған жағдайда, онда сақтандырудың жеңілдетілген мәртебесі автоматты түрде берілмейді. Шетелдік оқу орындарында оқитын қазақстандық күндізгі оқу нысанының студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғалардың автоматты түрде жеңілдік мәртебесін ала алмайды. Ол үшін олар жүйеге өздігінен тіркелуі керек. Ол үшін электрондық үкімет порталындағы egov.kz сервисін пайдалану қажет: Ізденіс жолына келесіні енгізу: «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу». Ашылған терезедегі өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою. Көптеген жағдайларда сақтандырудың жеңілдікті мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер сақтандырудың жеңілдікті мәртебесін беру көрсетілген мерзім ішінде орындалмаса, онда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық департаментіне жүгіну қажет. Әр семестр аяқталғаннан кейін сақтандыру мәртебесін тексеру және оқудың өзектілігін растау қажет екенін есте ұстаған жөн, өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін. Егер студент көрсетілген тәсілдермен жеңілдік мәртебесін ала алмаса немесе мәртебесінен айрылып, оқу орнының қабырғасында шешім таба алмаса, онда ол өтінішті Қордың кеңсесі арқылы пошта арқылы жібере алады: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы. Қор өзіне жүгінген тұлғаға сақтандырылған мәртебесін беру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастықта қажетті жұмысты жүргізеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика