Екпе салдырушылар қатары көбеюде

ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІ МЕН АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ БІРЛЕСІП ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН МЕКЕМЕ-КӘСІПОРЫНДАРДА БОЛЫП, ОНДАҒЫ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ АРАСЫНДА ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕДІ.


Таяуда олар қаладағы "Мұнай-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының жұмысшы-қызметкерлерімен кездесті. Онда коронавирус инфекциясына қарсы жасалып жатқан екпенің маңыздылығын түсіндіріп, аудан аумағында ауру ошағының өршіп кетпеуі үшін бір кісідей вакцина алуға шақырды. .
Айта кетеу керек, осыған дейін, аудан әкімдігі жанынан құрылған штаб мүшелерімен аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы аудан көлемінде орналасқан өндірістік мекемелердің ұжымына, білім беру ұйымдары мен теміржол саласының қызметкерлері барып, «Беркад», «Ақтан» орталық базарларында сауда асжап тұрған кәсіпкерлермен, коммуналдық қызметтер көрсететін «Жылыойсу» КМК, «Атырау-Жарық», «Жылыо й-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалында кездесулер ұйымдастырып, қауіпті індеттен сақтанудың жолдарын, соның ішінде оған қарсы егілетін вакцинаның адам өмірі мен денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірген еді.
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында да вакцина салдырушылардың қатары артып келеді.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521