Екпе айлығы басталды

16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында өтетін айлықта екпе 20-29 жас аралығындағы жастарға салынады. Айлықтың ашылуында сөз сөйлеген Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Т.Хабибуллин тұрғындарды екпеге белсенді қатысуға шақырды.

Емхана басшысы Н.Үкібаев екпе алудың маңызды екенін түсіндірді. Іс-шара кезінде тұрғындардың сұрақтарына дәрігерлер жауап беріп, қай кабинеттерден екпе алуға болатынын айтты. Тұрғындар екпе алуды бастады.

Ж.Шаңқанова

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl