Е.ҚИЯСОВ: ЕЛІМІЗДЕ 65 ЖАСТАН АСҚАН АДАМДАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

ken-zhyloi.kz

 24 ақпанда ОКҚ алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов 65 жастан асқан адамдарды КВИ қарсы вакцинациялау басталғанын хабарлады.

«Н. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы медициналық қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, 65 жастан асқандарды вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Яғни, созылмалы ауру, аллергиялық реакция және басқа да қарсы көрсеткіштер болса, вакцина салынбайды. Мен тиісті қаулыға қол қойдым», - деді вице-министр.

Вакцинаның қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық, ауыр аллергиялық реакциялар, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйе функциясының бұзылуы (қант диабеті), қан түзу жүйесінің, эпилепсия, инсульт, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, бастапқы және қайталанатын иммун тапшылығы, аутоиммунды, өкпе аурулары, демікпе және ӨСОА сондай-ақ, қатерлі қан аурулары «Спутник V» вакцинасына қарсы көрсеткіш болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, толық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинацияның толық курсын алу қажет, ол 21 күндік интервалмен екі компоненттен тұрады. Коронавирусқа қарсы антиде алғашқы дозадан соң 12-14 күннен кейін байқалады. Вакцинация басталғаннан кейін кестені сақтаған жағдайда 1,5 ай ішінде денеде толық иммундық реакция пайда болады. Вакцина алған адамдар алдын алу шараларын сақтау керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521