Е. Біртанов министр қызметінен кетті

14 маусым күні бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі лауазымына Алексей Цойдың кандидатурасын ұсынып отыр.

«Қоғамдық-мәдени даму комитеті Алексей Цойдың кандидатурасын ҚР денсаулық сақтау министрі етуді қолдап отыр. Бұл мәселе ҚО «Қазақстан Республикасы Парламенті мен депутаттар статусы туралы» заң аясында көтеріліп отыр», - деп жазылған мәлімдемеде.

Нәтижесінде Ақорда сайты Алексей Цойдың Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанын мәлімдеді. «Алексей Владимирович Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, 14 маусым күні бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

bairaq.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521