Денсаулықты нығайтуға арналған заманауи технологиялар

«Теңізшевройл» ЖШС-нің бизнес серіктесі — TengizTransGroup компаниясы аудандық ауруханасына заманауи Bowa электрокоагуляторын сыйға тартты.

Бұл аппарат дәрігерлерге күрделі операцияларды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік бере, хирургиялық араласулардың сапасын арттыратыны күмәнсіз. TengizTransGroup және ТШО өкілдері жаңа аппараттың мүмкіндіктерін көрсетті. Электрокоагулятор операция кезінде қан кетуді тоқтатуға, тіндерді дәл кесуге және коагуляция жасауға арналған, демек жылдам әрі қауіпсіз хирургиялық араласуларды қамтамасыз етеді.

 «Теңізшевройл» компаниясының қолдауының арқасында сыйға тартылған жаңа заманауи жабдық дәрігерлерге күрделі операцияларды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Біз ТШО-ға осындай маңызды қолдауы үшін алғыс айтамыз. Бұл аппарат біздің пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын айтарлықтай арттырады», — деп атап өтті аудандық аурухананың бас дәрігері Асулан Әбдірахманов.

«Теңізшевройл» өңірде әлеуметтік жауапкершілікті жүйелі түрде жүзеге асырады. Компания медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіп, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға атсалысады. Бұл шаралар халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге, күрделі хирургиялық операцияларды қауіпсіз жүргізуге және аудандық денсаулық сақтау жүйесінің деңгейін көтеруге бағытталған. 

Әлеуметтік жауапкершілік «Теңізшевройл» қағидаттарының маңызды бөлігі болып табылады. Біз әрқашан өз бизнес серіктестеріміздің жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік әл-ауқатын қолдауға бағытталған әрекеттерін құптаймыз. Жаңа Bowa электрокоагуляторы жергілікті дәрігерлерге операцияларды қауіпсіз әрі тиімді жүргізуге көмектесіп, ал пациенттер сапалы медициналық көмек алады деп білеміз,-деді ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің кеңесшісі Сәрсен Ерболов.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы ТШО «Игілік» бағдарламасы аясында осы аппарат орналасқан аурухананы салған болатын. Жаңа Bowa электрокоагуляторын жеткізу – «Теңізшевройл» және оның бизнес серіктестерінің қоғам мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін жүзеге асырған әлеуметтік бастамаларының нәтижесі, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамы.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT