Денсаулыққа зиянды технология

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты Юнеско халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, «Салауатты өмір - нұрлы болашақ!» тақырыбында көрме өткізді.

Ашылу салтанатында сөз алған лицей басшысы Сәкен Талдахметов көрермендерге жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көрмеде 25 зерттеу жұмысы болды. Атап айтқанда, фаст фуд тағамдарының зияны мен газды сусындардағы қанттың мөлшері мен зиянын көрсетті. Зерттеулер бойынша күнделікті тұтынатын сусындарда қанттың мөлшері көп болып шықты. Оқушылар көрермендерге смартфонды көп қолданбауға кеңес берді. Әсіресе түнде өшіріп қоюды айтты. Сондай-ақ, құмар ойындардың психикаға зияны, обыр, инфаркт, СПИД ауруларының пайда болуы, бір реттік жөргектің зияны, ішімдік пен темекінің адамға тигізер залалдары мен олардан сақтану жолдары айтылды. Сонымен қатар денсаулықты сақтау, күту жолдары да назардан тыс қалмады. Лицей оқушылары аудандағы мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне тəжірибесімен бөлісті. «Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - дейді лицей ұжымы.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521