Демалыссыз емдеген екі күн

Бүгінде ауруханаларда ашық есік күнін өткізу халықтың денсаулығын нығайту мен түрлі қатерлі ауру түрлерінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып келеді. Сондай акцияның бірі аудандық емхана бөлімінде сенбі, жексенбі күндері өтті. Онда кезекші учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандар тұрғындарды таңертеңгі уақыттан бастап қабылдады.

Есіктен кіргеннен бастап тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қант мөлшерін тексерген мамандар қай дәрігерге бару керектігін айтып, жол сілтеп отырды. Бұл күні кардиолог, акушер-гинеколог, балалар мен ересектер невропатологі, эндокринолог, уролог, лор врач, стоматолог, учаскелік дәрігерлер, учаскелік мейірбикелер халыққа қызмет көрсетті. Сондай-ақ екпе кабинеттері мен флюрография кабинеттері жұмыс жасады. Білікті мамандардан кеңес алуға келгендердің қарасы да көп. Дәрігерлер бұл күні келген тұрғындарға кеңес айтып қана қоймай, қандай да бір сырқаты барын анықтайды. Одан кейін оған қандай да бір көмек ұйымдастыру жолын қарастырады. Мүмкін ота жасауы, болмаса емдік көмек қажет екенін айтатын болады. Қандай дәрілер немесе заманауи аппараттар көмегімен емделуге болатынына жол сілтеп, көмек қолын созады.

-Мұндай мүмкіндіктің бола бермейтінін түсінген әрбір азамат бірінші байлық – денсаулықтың қадірін жоғары бағалауы қажет. Акцияның негізгі мақсаты да сол, азаматтарға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетіп, қандайма бір дерттің алдын алу. Сонымен қатар, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру. Осы ашық есік күніне барлығы 3127 адам келді, -дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айгүл Есенбаева.

П.Қизатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521