Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?

Тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек.

Дұрыс тамактана білу - денсаулықтын басты шарты. Біз дұрыс әрі сапалы тамақтанған кезде ғана ағзамызға қажетті қоректік заттарды мол ала аламыз. Күнделікті ас мәзірі әр түрлі әрі дәруменге бай болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де өнімдердің болуы міндетті. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым диетология деп аталады. Ұзақ өмір сүрушілердің ұзақ өмір сүруінің басты себебі - дұрыс тамақтана білулерінде.

Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын айыра білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны.

Тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер қимыл-қозғалысымыздың басым бөлігі тәңертең және түске дейін жасалатынын ескерсек, қуаты (калориясы) мол асты осы кездері ішіп, ал кешке оңай қорытылатын жеңіл ас қабылдаңыз. Ұйқы кезінде асқазан демалуы үшін ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.

Тәбет (ашығуды сезіну) - сау ағзаның белгісі .Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Енді бір күнде адамға қандай мөлшерде тағам керек? Бұл оның жасына, жынысына, мамандығына, тұрмыстық жағдайына байланысты. Неғұрлым көп калория жұмсайтын, қимыл мен күшті қажет ететін жұмыста жасайтын болсаңыз, тағамды көбірек, ал отырып жұмыс істесеңіз, азырақ тамақтаныңыз. Тамақтану туралы ғылым адамдарды мынадай топқа бөледі:

1 топ. физикалық күшті, қимыл-қозғалысты қажет етпейтін жұмыскерлер, яки, миға үлкен күш түсіретін қызметтермен айналысып, жұмысты бір орында отырып жасайтын қызметкерлер.

2 топ. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын, бірақ физикалық күшті талап етпейтін қызметкерлер: байланыс саласының қызметкерлері, тігіншілер, саудагерлер т.б.

3 топ. Физикалық күшті барынша көп талап ететін жұмыстағы қызметкерлер: үй жөндеумен айналысатын қызметкерлер, қоғамдық көлік жүргізушілері, кір жуу қызметкерлері т.б.

4 топ. Үлкен физикалық күшті қажет қылатын жұмыскерлер: құрылыс жұмысшылары, шахтерлер т.б

Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ қабылдауымыз керек. Аса майлы тамақтан бас тартқанымыз жөн және шектен тыс тоя тамақтануға мүлдем болмайды. Ағзада маңызды рөлді минеральды заттар атқаратыны белгілі. Натрий, калий, фосфор, магний ағзамызға ауадай қажет болса, цинк, марганец ,хром, кобальт, молибден, селен т.б аз мөлшерде қажет. Бір элементтің ағзада біраз уақыт жетіспеушілігі ауру тудырады, сондықтан бір тамаққа байланып қалмай, мүмкіндігінше түрлі тағамдармен ауқаттанып отыруымыз керек.

Микроэлементтердің біразын ағзамызға жеткізетін сүт пен ара балы, бұлардың құрамында Менделеев кестесіндегі біраз элементтер бар. Сондай-ақ дәрумендері мол тағамдарды мейлінше көп жеген дұрыс, әйтпесе адам авитаминозға шалдығады. Ара балы, қарақұмық, геркулес, жүзім, ет, сары май шаршамауға көмектеседі. Ірімшік, жұмыртқа, жанғақтар ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі. Ал жемістер мен көкөністер ағзаның өсіп дамуына қажетті дәрумендерге бай. «Көкөністер-денсаулық қоймасы» дейтініміз содан.

«Ас - адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, жқмысқа және оқуға ынтасы төмендейді. Қазақ халқының денсаулығына аса пайдалы тағамдар – ұлттық тағамдарға жетер құнды тағамдар жоқ. Тамақты белгілі бір уакытта ішуге тырысу керек.

Мезгілсіз ішілген тамақ және аш жүру, шала-шарпы, асығыс тамақтану - денсаулыққа зиян. Тамақты асықпай жеу керек. Сонымен бірге ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу қажет. Жеміс-жидектерді де мұқият жуып жеу керек, себебі оның қабығында улы нитраттар болуы мүмкін.

Нұржамал Күлекенова,

Жанар Төлеуішева,

Жылыой аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау

және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші мамандары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521