Дәріханаларда рецептісіз дәрілер сатылыпты

«СК-Фармация» ЖШС атынан Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылған.

2019 жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобаның негізгі мақсаты - ұйым қызметінде парасаттылық қағидаттары мен комплаенс саясатын енгізу.

«СК-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жасақталған меморандумға сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің және «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері бірлесіп «құпия сатып алушы» әдісі арқылы рейдттік іс-шара ұйымдастырды.

Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу, сондай-ақ міндетті түрде тек қана рецепт бойынша сатуға жататын препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды рецептісіз босату фактілерін анықтау болып табылады.

Нәтижесінде Департамент Атырау қаласының вокзал маңы мен «Дина» сауда орталығында орналасқан дәріханаларда мониторинг жүргізіп, рецептісіз босатуға жатпайтын «Кетанов», «Кетарол», «5-НОК», «Но-шпа», «Цефазолин» препараттарының сатылатындығын анықтады. Мысалы, «Цефазолинді» қолдану арқылы ем тағайындау алдында емделушіде цефазолинге, цефалоспоринге, пенициллинге немесе басқа да дәрілік препараттарға аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуын анықтау үшін мұқият зерттеу жүргізу қажет. Пенициллинге аллергияның бұрын пайда болған көріністері бар емделушілердің 10%-нда бета-лактамды антибиотиктер мен аса жоғары сезімталдық реакциясының дамуымен ұштасқан аллергиялық жағдайлар байқалған. Егер аллергиялық реакция байқалса, Цефазолинмен емдемеу керек. Осы аталған перепараттан қандай да бір жанама әсерлер туындаған кезде дәрігер емдеуді дереу тоқтатуы қажет.

Препаратты тағайындағанда сақ болу керек:

- бронх демікпесі, терісінде есекжемнің бөртпелері немесе осы аурулардың белгілері (эпизодтары) бар емделушілерге;

-ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде;

-тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе бұзылуы жағдайында, парентеральды тамақтануды жүргізу кезінде немесе күш-қайраты әлсіреген емделушілерге (бұл емделушілер К витаминінің тапшылығынан зардап шегуі мүмкін, оларға мұқият мониторинг жүргізу қажет);

- қарт емделушілерге.

Алайда бірқатар дәріханалар бұл препаратты еш рецептісіз босата берген. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Департамент уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жолдады.

Атап өту қажет, 1439 қысқа нөмірі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі мәселелер бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Барлық қоңыраулар қалалық және ұялы телефондар арқылы тегін.Егер бір кемшіліктерді байқасаңыз, осы телефондарға хабарласуыңызға болады.

Байланыс орталығының операторлары өздеріне жүгінген пациенттерге тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі мен күні туралы ақпарат береді.

«СҚ-Фармация – Адалдық алаңы»

жобалық кеңсесі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl