«Дәрігерлерге мың алғыс»

Атырауда дәл осындай атаумен акция басталды

Акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі. ⠀

Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 500 -ден астам денсаулық себетін дайындаған. Аталған көмек аудандарға да жеткізілетін болады. Акцияның алғашқы күнінде 100 дәрігерге денсаулық себеті табыс етілді. Жиынтық иммунитетті арттыру және нығайтуға арналған өнімдерден құралған. ⠀

- Жаһанды шарпыған COVID-19 індеті ешкімді бей-жай қалдырып жатқан жоқ. Әсіресе, алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген "ақ халатты" батырларымызға оңай емес. Оларға аз да болсын көмегіміз тисін деген ниетпен, осы акциямызды ұйымдастырып отырмыз, - дейді «Жас Отан» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Гилажев. ⠀

Акцияның алғашқы күнінде жасотандық еріктілер облыстық аурухана мен №2 жұқпалы аурулар ауруханасына денсаулық жиынтығын табыстады.

Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521