АТЫРАУДА 75 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 39 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 26 адамнан болса, Жылыой ауданында 1, Индер ауданында 1, Құрманғазыда 6 адам және Исатай ауданында 2 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 20 адамда ауру симптомды, 55 науқаста ауру симптомсыз түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 78 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 288 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық модульдік стационарда 139, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда.
ATPress.kz