Covid-19 індетінен айыққандар саны 203 адамға жетті

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 203 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб. Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы он адам сауығып шыққан.

Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, емделіп шыққандардың барлығы – Теңіз кен орнының қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 49, 49, 24, 32, 42, 52, 53, 43, 26 жастағы тоғыз ер адам және 54 жастағы әйел.

- Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы, өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, - дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандардың саны 203 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 128 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl