COVID-19: 92 ЖЫЛЫОЙЛЫҚ ЖҰҚТЫРДЫ

Атырау облысында бір тәулікте 430 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 430 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 220 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 49 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 92 науқас, Индер ауданында - 5, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында - 14, Құрманғазы ауданында - 18, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында - 12 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 295 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 135 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 267 адам емделді. Қазір 3896 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 202, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 80, кардиоорталықта - 109, т/ж ауруханасында - 89 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 377. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Атырау облысы Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521