Былтыр екі бала ротавирус жұқтырған

Ауру 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі екен. Аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Б.Бекарыстанованың мәліметінше, былтыр ауданда екі бала ротовирус жұқтырған.

Мамандардың айтуынша, аурудың қоздырғыш көзі – науқас адам. Жұғу жолы – фекальды-оральды, су, тағам, тұрмыстық заттар. Ауру жедел дамиды. Инкубациялық кезеңі - 15 сағаттан 7 күнге дейін. Белгілері – дене қызуының 37,9-38 С-қа көтерілуі, асқазан тұсында ауырсыну, жүрек айну, құсу, нәжістің өткір иісті сұйық боп жиі өтуі, сонымен қатар ағзаның сусыздануы, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі қатар жүреді.

Ал аурудың алдын алудың жолдары қандай? Ауруды болдырмау үшін басқарманың жетекші маманы Б.Бекарыстанова мынандай кеңестер береді: Аурудың ең басты алдын алу жолы – жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу! Тек қайнатылған су ішу! Көкөністер мен жемістерді мұқият жуып жеу. Жұқпалы аурудың алғашқы белгілері басталысымен өздігімен ем іздемей, дәрігерге қаралып, аурудың асқынуының алдын алған жөн.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика