Ботулизм – Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген ластанған тамақтан жұғады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм ауруы – тамақтан уланудың ауыр түрі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Көбінесе үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, салат, ет, балық консервілерін пайданғаннан болады. Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония).
Аурудың алдын-алу жолдары:
– Базар, сауда нысандарынан, ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алуға болмайды;
– Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж салаттарды пайдаланбаңыз;
– Жеміс-жидек, көкөніс консервілеген кезде оларды жақсылап жуып, тазасын, бүлінбегенін пайдаланғаныңыз жөн.
Ботулизмнің алғашқы белгісі байқалғаннан дереу жедел жәрдем шақыру қажет.
Науқасқа жедел түрде «Ботулизмге» қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет.
Құрметті оқырман!
Үй жағдайында салат дайындағанда, жеміс-жидек, көкөніс тұздағанда, банкілерді залалсыздандырып, санитарлық-гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек екендігін есте сақтауларыңыз қажет. Біздің айтқызымыз келгені консервіленген тағамдарды қолданғанда пайда болатын «Ботулизм» ауруы туралы болмақ.
Кұрметті тұрғындар, үй жағдайында консервіленіп дайындалған тағамдар Сіздің денсаулығыңызға зиян келтіретінін естен шығармағандарыңыз жөн. Өйткені, адамдар өнімдерді дайындау, тасымалдау, сақтау жəне өңдеу барысында санитарлық ережелерді дұрыс сақтамағандықтан ботулизм ауруына шалдығады. Ботулизм ауруы - ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың əсерінен туындайды. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кеңінен тараған анаэроб көп уақытқа дейін топырақта спора түрінде сақталады. Сонымен қатар спора топырақтан, ауылшаруашылық малдарының бөлінділерінен, тұщы балық өнімдерінен, əр-түрлі азық-түліктердің (көкөністер,жеміс-жидектер, дəнді-дақылдар, ет жəне т.б.) құрамына түсіп, ауру көзі болып табылады. Азық-түліктерді консервілеу кезінде ботулизмнің бактериялары көбейіп, токсин бөледі. Бөлінген токсин аса қауіпті бактериалды у болып табылады. Бактериалды у адамның ішек сөлінде ыдырамайды, ал оның кейбір түрлері (Е түрінің токсині) керісінше өзінің əсерін күшейтеді. Əдетте, токсин - дайындалу үрдісі бұзылған тағамдарда, үй жағдайында консервіленген өнімдерде, тұздалған балықта, шұжықта, сүрленген шошқа етінде, саңырауқұлақтарда жиналады. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін ғана созылады. Бастапқы көріністер - жалпы əлсіздік, бастың ауруы. Ботулизм кезінде жүйке жүйесі (көздің көру қабілеті, жұтыну, дауыс өзгереді) зақымдалады. Науқасқа айналасындағы барлық заттар бұлыңғыр, қосарланып көрінеді, көз қарашығының бірі үлкейіп, бірі кішірейеді. Көбінесе қитарлық, бір қабағының түсуі, аккомадацияның бұзылуы байқалады, көз қарашығының жарыққа əсері болмайды. Науқас ауыз қуысында құрғақшылықты сезінеді, даусы əлсіз, сөзі түсініксіз болады. Есі сақталып, дене қызуы қалыпты жағдайда немесе сəл жоғары (37,2-37,3 о С) болады. Бұл ауруға дер кезінде көмек көрсетілмесе, аз уақыттың ішінде өлімге алып келеді. Адам өлімінің алғашқы сағаттарда алдын - алатын жалғыз бір дəрі-дəрмек поливалентті сарысу болып табылады. Есте сақтаңыздар, əрбір тағамды пайдалану жəне дайындау кезінде, əсіресе, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде, қақтағанда, үй жағдайында саңырауқұлақ, жеміс-жидектердің консервілерін дайындауда, малды сойғанда жəне етті өндеуде қатаң санитарлық ережелерді сақтауларыңыз керек. Адам өміріне аса қауіпті- консервіленген саңырауқұлақтар, дұрыс өңделмеген ет жəне балық көнсервілерінде споралар сақталып, өнімнің қаптамаларында «бомбаж» (ол газ жиналып құтының үрленуі, ісінуі) тудырады. Сапасы күмəн келтіретін азық-түліктерді қолдануға тыйым салынады: тағамның өткір иісті ірімшік немесе ашқылтым май сияқты дəмі болады. Тек барлық санитарлық ережелерді сақтағанда, яғни дайындайтын азық-түліктерді, алдын - ала жақсылап жуып, бөгде заттардан тазалап қолданғанда ғана, біз өзіміздің денсаулығымызды қорғай аламыз.
2. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі.
Казіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек».
Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты, қазіргі таңда, дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады.
Әрбір адамның азық-түлік заттарын дұрыс пайдалануы, артық жеуі және жалықтыруы денсаулықты көп нығайтуға көмектеседі. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты.
Адам организмі термодинамика заңдарына бағынады. Соларға сәйкес, дұрыс тамақтану принципі қалыптасты: оның энергиялық құндылығы организмнің энергия шығындарына сәйкес келуі керек. Өкінішке орай, тәжірибеде бұл принцип жиі бұзылады. Энергия сыйымды азық-түліктерді (нан, картоп, мал майы, қант және т.б) шығындық тұтынумен байланысты тәуліктік рациондардың энергетикалық құндылығы энергиялық шығындары жиі артады. Жас өскен сайын, дененің шығындық массасы жиналады және семіру басталады, ол көптеген созылмалы дегенеративтік аурулардың пайда болуына себеп болады.
Азық-түлік заттарының химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі – дұрыс тамақтанудың екінші принципі. Күн сайын, белгілі бір көлемде және ара қатынаста организмге 70-ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы азық-түлік заттарымен қолайлы жабдықтау түрлі тамақтану кезінде ғана мүмкін. Тамақтанудың тым әр түрлі болуы дұрыс тамақтанудың үшінші принципін анықтайды.
Ақырында, тамақтанудың қолайлы режимін сақтауды дұрыс тамақтанудың төртінші принципі анықтайды. Тамақтану режимі дегеніміз тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы. Тамақтану режимі азық-түлік заттарына және энергияны қажет ету сияқты жасқа, өндіріс ерекшеліктеріне байланысты түрін өзгертеді. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
1) ұстамды жеу керек;
2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
3) тамақтану режимін сақтау қажет.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.
Тамақтан уланудын алдын алу
Тамақтан улану-ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған,табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру.Тамақтан улану жедел аяқастынан,бірден басталады.
Азық-түлікпен және тамақпен аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді:микробты және микробсыз.
Микробты улануға токсикоинфекция,токсикоздар,этиологиясы аралас(микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.
Табиғаты бактериалды тамақтан улану-белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен(токсиндері)зараланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру. Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуының ас ішуімен тікелей байланысы; Белгілі таралу жолының болмауы; Ас-қорыту жолының гастроэнтериті;
• Әлсіз организм улануымен өтеді. Тамақтан улану Микробты : Токсикоинфекция,Токсикоз, Микотоксикоз .
Микробсыз : өсімдік текті азықтар,жануар текті азықтар ,улы химиялық заттар Этиологиясы белгісіз: Кашин-Бек ,Уров ауруы .Микробты т.у. Ерекшілігі;Маусымдылығы айқын. Жасырын кезеңі ұзағырақ. Дене қызуы көтеріледі. Ағымы тек қана жедел болады. Бір аспен және 2-ші аспен байланысты. Жаппай улану айқынырақ. Летальдылығы төмен. Микробсыз т.у.ерекшелігі; Маусымдылығы жоқ(улы сағырауқұлақмен, өсімдермен және т.б. Уланудан басқасы). Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау. Летальдылығы жоғарырақ.
Токсикоинфекциялар Токсикоинфекциялар-микрооргнаизмдермен көп дәрежеде тұқымданған(1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7)тағам мен азықтардың тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру.Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер:Ішек таяқшалары-Е.coli:Протей таяқшасы;Cl.perfringens;Bac.cereus;
Энтерококктар;Патогенді галофилдер. Микробсыз тамақтан улану Микробсыз тамақтан улану-микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10%-н құрайды.Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар текті азықтармен, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады. Микробсыз тамақтан улану түрлері. Улы өсімдік текті өнімдермен улану.Саңырауқұлақтармен улану.Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арамшөптік токсикоздар)Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған жануар текті азық-түліктермен улану.
Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдар
Инфекция көзін оңашалау.Тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды заласыздандыру.Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын-алу. Тамақтан уланудың профилактикасы 1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз;
2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
3.Пісірілген тамақты бірден пайдалыныңыз.
4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
5.Алдын-ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
8. Ас үйді таза ұстаңыз
9.Таза суды пайдаланыңыз.
10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Ас адамның арқауы. Өмір сүру үшін тамақ жейміз, ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин , белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақта тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн. Міне сол кезде ғана тамақтан уланудың алдын алып, көптеген аурулармен ауырмаған боламыз. Салауатты өмір салтымыз сақтап жүрейік , ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде!
Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы Тулеушова Жанар Ахметовна.