Бір тәулік ішінде 2 500 атыраулық вакциналанды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

27 сәуірдегі деректер бойынша 2 492 жергілікті тұрғын "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін алды. Оның ішінде, 100 медицина қызметкері, 141 педагог, 57 полиция қызметкері, 30 студент, 6 жабық әлеуметтік мекеме қызметкері, 11 құқық қорғау органдарының қызметкері, 70 мемлекеттік қызметші, 21 созылмалы аурумен ауыратын адам және 1 756 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 27 сәуір аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 20 228, II компонентпен 5 304 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа "Спутник V" вакцинасының 38 200 және "QAZVAC" вакцинасының 2 000 дозасы жеткізілді.

Атырау облысы Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика