БІР АУДАНҒА – БІР ДЕРМАТОЛОГ...

 Аудандағы денсаулық сақтау саласында мамандардың жетіспейтіні бұған дейін де үлкен мәселеге айналып келгені анық. Аудандық орталық ауруханаға директор болып Асулан Абдрахманов келгелі бұл мәселенің түйіні тарқатыла бастағандай. Олай дейтініміз, биылдан бастап ауданның емдеу мекемелері 19 дәрігермен толықты.

 Ақ халатты абзал жандардың басым бөлігі – жоғары білімді жастар. Олардың ішінде стоматолог, эндокринолог, уролог, невропатолог, статист, фармацевт, терапевт, анестиазолог-реаниматолог, отоларинголог, эндоскопист және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бар.

 Міне, осы аудандық орталық ауруханаға жұмыс істеуге келген жас дәрігерлермен аудан әкімі Жұмабек Қаражанов кездесіп, бүгінгі медицинаның жай-күйімен танысты. Алдымен орталық аурухананың бас дәрігері Асулан Абдрахманов жас мамандарды таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұдан соң Жұмабек Байрақбайұлы дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 Дәрігерлердің көпшілігін қызметтік пәтер мәселесі алаңдатады. Аудан әкімі бұл өзекті мәселе екенін, осы бағытта тиісті жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. Одан бөлек Құлсары қаласында салынып жатқан 75 орындық жаңа аурухана құрылысының жақын арада аяқталып, пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

 Жиын соңында аудан басшысы ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орнының маңыздылығына тоқталып, денсаулық күзетіндегі қызметтеріне сәттілік тіледі.

 Әрине, бұл - салада маман тапшылығы толық шешіліп келеді деген сөз емес. Мұнайлы өңірде кәсіби шеберлігі жоғары ақ халатты абзал жандар қатары әлі де болса жетіспейді. Айталық, Құлсарыда бұрын болған тері аурулар диспансері жабылып қалды. Соның салдарынан саны 86 мыңнан асатын аудан халқы үшін бір ғана дерматолог қызмет көрсетеді. Оған қаралып шығу үшін тұрғындардың кешке дейін емхана дәлізінде ұзын-шұбақ кезекте тұруына тура келеді.

Демек, бұл түйіннің түбегейлі тарқатылар уақыты алдағы күндердің еншісінде. Бұл ретте ауданға басшы болып келген жас та болса бас дәрігерден жылыойлықтар зор үміт күтіп отыр.

П.Тәжі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз