Пандемия кезінде смартфоныңыз несімен қауіпті?
Австралиядағы ауруларға қарсы дайындық орталығының мамандары коронавирус бөлме температурасында 28 күн бойы тегіс беттерде болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Ең үлкен қауіпті әйнектер, соның ішінде смартфон экрандары тудырады. Қауіптілігі жоғары тұрмыстық заттарға банкноттар, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған заттар екені атап өтілді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл беттерде вирус +20 °C температурада шамамен бір ай, +30 °C температурада 3 апта және тек +40 °C-та бірнеше күн өмір сүреді екен.
Өзіңізді вирустан қалай қорғай аласыз?
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметіне сүйенсек, қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті: қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз, смартфонның экранын антисептикпен сүртіңіз және жоғарыда айтылған заттарды ұстағаннан кейін қолыңызды бетіңізге тигізбеңіз.
"Жылыой-ақпарат"