Баланың болашағына балта шабу екпеден бас тартудан басталады

Сәуір айында ауданымызда иммундау апталығы өтеді. Ал балаларына екпе егуден қашатын ата-аналар аз емес.

Апталық кезінде сондай жандар үшін вакцина туралы кеңінен түсіндіріледі екен. Сол жөнінде аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы А.Рожановадан сұраған едік. -«Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығын сәуір айының 23-і мен 29-ы аралығында өткіземіз. Иммундау – денсаулық сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі. Апталық кезінде екпеден тыс қалған және ауданға басқа елден келген, тіркеусіз, тұрақты мекені жоқ, екпеден бас тартып жүрген адамдарға ерекше назар аударылады.

Апталықтың мақсаты – иммунизация сұрақтары бойынша халықтың түсінігін арттыру және ақпараттандыру. Бұл халықтың денсаулығын сақтауда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді,-дейді А.Рожанова. Онда сонымен қатар мамандар кеңес беретін ашық есік күндері өткізіліп, халық көп жиналатын жерлерде тақырыптық бейне және аудиороликтер көрсетіледі. Балалар, перзентхана бөлімдері мен емханада ақпараттық материалдар таратылып, иммунопрофилактикасының пайдасы туралы дәрістер оқылады. Иммунопрофилактика - аурудың алдын алуға, елге сырттан келген ауруды таратпауға және жоюға бағытталған. Ауданда тұрғындарды иммундауға Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана пайдаланылады екен. 2013 жылдан бастап Қазақстанда әкелінетін вакцинаның әрбір партиясы үшін олардың қауіпсіздігі мен сапасын міндетті түрде сертификаттау талабы енгізілгенін айтқан маман тұрғындарды белсенділікпен қатысуға шақырады: -Құрметті ата-аналар, өз балаларыңызға уақытында екпе жасатудан бас тартпайық. Сізді ақыры ауыр қайғыға соқтыратын жұқпалы аурулардан тек қана профилактикалық екпелер ғана қорғай алады. Сондықтан Еуропалық «Иммундау апталығын» пайдалана отырып, аурудың алдын алуға асығыңыздар,-дейді маман.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521