Бүгін Жылыойда инфекциялық орталықтан коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

соңғы науқас

Жылыойда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

Жылыойда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, 2 (азаматша) науқас дерттен айығып шықты. ⠀

Орталық аурухана директоры Нұрбек Үкібаев: сәуір айынан бастап ауданда коронавирус індетін жұқтырған 1078 адам тіркелген болатын. Аудандағы 40 орындық инфекциялық аурухана және 60 орындық провизорлық орталығы, сонымен қатар қажетті жеке қорғаныш киімдері мен дәрі-дәрмектер 2 айлық қоры қалыптасып, өз жұмыстарына толықтай дайын екендігін атап өтті. ⠀

-Ауру денемізден толықтай жойылды деп еркінсіп кетуге де болмайды. 2020 жылғы 11 қыркүйектегі Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің N65 Қаулысындағы санитарлық талаптарды сақтай отырып, антисептик және бетпердемізді үнемі назарда ұстап, әсіресе, көпшілік шоғырланатын орындарға бармағанымыз абзал,- деді Нұрбек Үкібаев.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521