Қауіпті індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі вацинациялау жұмыстарына қатысты өткен селекторлық жиында қауіпті індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина екенін атап өтті, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты. ⠀ «Қазіргі кезде елде инфекцияның таралуы күшеюде, науқастардың саны күннен-күнге артып келеді. Халқымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлығымыздың ортақ мүддеміз. Қауіпті індеттің емі табылды. Оны жеңудің бірден-бір жолы – вакцина. Вакцинациялау жұмысын жандандырмай біздің қызыл аймақтан шығуымыз да екіталай. Бұл жұмысқа немқұрайлы қарайтын болсақ, карантин талаптары қайтадан күшейтілуі мүмкін»,-деген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірге келіп жатқан екпе жеткілікті болғанмен, жұмысты өз дәрежесінде ұйымдастырылмай отырғанын сынға алды. ⠀ Ал, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қазіргі статистикалық мәліметтерге тоқтала келіп, 1 мамырға дейін күніне 5 мың адам екпе алу қажеттігін алға тартты. «Бүгінгі таңда 38200 доза облысқа келсе, оның 37200-і «Спутник-V», 1000 дозасы «QazCovid-in» вакцинасы. Екпе жұмыстарын жүргізу үшін 30 пункт ашылды. 1 ақпан мен 27 сәуір аралығында 20228 адамға вакцина салынды. Бұл тұрғыда ең жоғары көрсеткіш құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тиеісіл – 96,6 пайыз»,- деді А.Байдуәлиев. ⠀

Сондай-ақ, басқарма басшысы 1 мамырға дейін 15 мың доза вакцинаны игеріп, екпе пунктерінің санын 40-қа жеткізу, шалғай ауыл тұрғындары үшін жылжымалы медициналық кешендер базасында пунктер ашу жоспарда тұрғанын жеткізді.

Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр мекеме аталған жұмысты жауапкершілікпен ұйымдастыруды, халыққа түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізуді тапсырды. «Вакцина салу — халықтың саулығы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін, бұл үлкен жауапкершілік екенін әрқайсыңыз жете сезініңіздер. Екпе салуға қатысты жауапты адамдар, тиісті органдар мен аудан әкімдері денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырамын. Вакцина алғысы келетін белсенді азаматтарға барлық жағдайды жасаңыздар. Ақпараттық тұрғыдан да түсіндіру жұмыстары ақсамауы керек. Ал құқық қорғау, медицина қызметкерлері, педагогтар мен әлеуметтік сала мамандары мен өзге де халықпен тығыз жұмыс жасайтын қызметкерлердің бірінші кезекте екпе алуын қамтамасыз етіңіздер»,- деді өңір басшысы. ⠀

Айта кету керек, аудандар арасында екпе жүргізу бойынша әзірше Құрманғазы халқы белсенділік танытып отыр.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика