Атырауда жаңа жыл қарсаңында үйдеегіз қыздар дүниеге келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оларды жедел жәрдем фельдшерлерібосандырып алды, деп хабарлайдыАtyrauРress тілшісі. 29 желтоқсандажедел жәрдемге жүкті әйелден шақырутүсті. №9 бригада шұғыл түрде жетті.Жедел жәрдем фельдшері ЭльвираКаримованың айтуынша, бригадакелгенде әйел босануды бастап кеткен екен. Бірақ, фельшерлер жедел әрекет етіп, кәсіби біліктіліктерін көрсете білген.
- Әйел босана бастағанда баланыңбасы пайда болды. Мен де қызметіме кірісіп кеттім. Дүниеге қыз бала келді. Мен кіндікті кескен бойда босанушы әйел сәбидің екінші сыңары бар екенін айтты. Мұндай жағдай менің 11 жылдықтәжірибемде бірінші рет болып отыр. Бірақ, әрине, мен бұған дейін де бірнеше рет босандыруға қатыстым, - дейді Э.Каримова.
Ал, екінші фельдшер ҚанатЖексембаевтың тәжірибесінде бұл – алғашқы жағдай. Себебі, оның бұл қызметте жүргеніне небәрі бір жыл ғана болған екен. Айта кетейік, жыл басынан бері жедел жәрдем фельдшерлерістационардан тыс жерде 49 рет босандыруға қатысқан. Алайда, бүгінгідей егіздердің дүниге келуі – бірінші жағдай.
Жанат Шаяхметова
Аударған: Амандық Сағынтайұлы