Атырауда облыстық аурухананың медбикесі коронавирустан жазылды

Инфекциялық стационардан медбикемен қоса, 18 жасар жігітте айығып шықты, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Бүгін, 23 сәуір күні Атырау облысында коронавирустан тағы екі адам жазылды. Аурудан айыққандардың бірі, облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі және 18 жастағы жергілікті тұрғын.

Екеуіне жасалған ем-шарадан соң, тест нәтижесі Covid-19 жоқ екенін көрсетіп, олар инфекциялық стационардан шығарылды. 23 сәуір сағат 13.00-де келтірілген мәліметтерге сәйкес, инфекциялық стационарда - коронавирус жұқтырған 51 науқас, провизорлық стационарда - ЖРВИ белгілері бар 16 адам, карантиндік стационарда - 103 жергілікті тұрғын бар. Ал, 2843 адам үй карантинінде жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521