Атырауда жылына 1200 пациент реабилитациялық оңалтудан өтеді

Бұл туралы облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аурухана директорының айтуынша, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында аурухана базасы жаңа технологиялармен қамтылған. Осы мақсатта дәрігерлер де түрлі оқу орталықтарына барып, өз білімдерін шыңдауда.

- Бүгінгі күнде өңірдегі облыстық ауруханада 335 орын бар. Аталған аурухана диагностикалық зерттеу үшін заманауи құрал-жабдықтармен және жоғары технологиялық медициналық аппаратармен жабдықталған. 2016 жылдан бастап 12 жас дәрігер аурухананың бюджет қорынан резидентурада оқытылып, олардың төртеуі жұмысқа кіріссе, ал сегізі оқуын жалғастыруда. Дәрігерлер мен медбикелердің қызметтік құрамы «НСОС» және «Проспект Медикал Каспиан» компаниясымен шетелдік мамандар арқылы және М.Оспанов атындағы медициналық академиясында өз білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ, аурухананың хирургиялық бөлімдерінде жоғары мамандандырылған ота түрлері тәжірбиеге енгізілді. Бұл технологиялар бұрын Астана, Алматы қалаларындағы Республикалық деңгейдегі ғылыми зерттеу институттарында ғана тәжірибеде болған, деді Ербол Иманғалиев.

Сонымен қатар, Ербол Иманғалиев ауруханада жоғары сұранысқа ие оңалту және қалпына келтіру бөлімшесі бар екенін айтты. Бұл бөлімшеге жылына орташа есеппен 1200 пациент реабилитациялық оңалтудан өтеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

referendum-banner-1

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика