Атырауда ЖИТС-пен күрестің бүкіләлемдік күніне арналған онкүндік басталды

1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. Осыған орай жыл сайын елімізде онкүндік өтеді.  Биыл бұл науқан Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының   «Адам құқықтары жолында дұрыс жолды таңдаңыз!» деген ұранымен ұйымдастырылуда. 
Атырау облыстық АИТВ мен күрес орталығы мамандары жыл сайын акцияның ауқымды өтуіне көңіл бөледі. Сол үрдіс биыл да жалғасын табады. Онкүндік аясында қаладағы бірнеше оқу орындарында кездесулер және адам көп шоғырланатын орындарда акциялар өткізіледі.  Оған үкіметтік емес ұйымдар, жастар, халықтың түйінді топтарын қатыстыру жоспарланған.
Сонымен қатар, орталықта өтетін Ашық есік күніне келушілер тегін қан тапсыру арқылы өз статустарын анықтай алады. Акция шеңберінде қала көшелеріндегі бірнеше жарнамалық ЛЭД- экрандарда АИТВ-ның алдын алу орталығының мекен-жайы және қызмет түрлері көрсетіледі. 
Атырау облысында АИТВ инфекциясының алғашқы жағдайы 1993 жылы тіркелген. Диспансерлік есепке алынған 300-ден аса адамға  инфекционист, фтизиатр, педиатр, гинеколог, дерматовенеролог, нарколог, психолог, провизор мамандары медициналық қызмет көрсетеді. АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату  мақсатында байланысқа дейінгі алдын алу /ДКП/ жүргізілуде. Бүгінде әлемде бұл әдіс қауіпті індеттің алдын алуда өз нәтижелілігін дәлелдеген. АИТВ-ның алдын алу орталығында халықты АИТВ инфекциясына тестілеу, емдеу, диспансерлік динамикалық бақылау, АИТВ-мен өмір сүрушілер және түйінді топтарға қажетті зертханалық талдаулар толығымен тегін жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT