Атыраудағы инфекциялық стационарларда 646 науқас емделуде

Реанимацияда 34 пациент жатыр

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 сәуір күні таңертең аймақта 646 адам COVID-19 және пневмониядан емделуде.

Жүктеме 31,2% құрайды (2068 төсек-орынға). Атап айтқанда:

  • үй жағдайында 1169 адам ем алуда;
  • модульдік ауруханада-188;
  • екінші облыстық ауруханада – 101;
  • аудандық инфекциялық стационарларда-153;
  • Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-107.
  • Реанимацияда 34 пациент жатыр, олардың 7-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

Жүктеме 41,9% (81 төсек-орынға) құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521