Атырауда тәжірибелі дәрігерлерден құралған call-орталық ашылды

Коронавирустың жеңіл түріне және вирустық инфекцияларға шалдыққан науқастарға үйден емделуге қатысты білікті дәрігер мамандар кеңестер береді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

- COVID-19 инфекциясының күшеюіне байланысты, науқастарға 24 сағат бойы онлайн режимде консультациялық көмек көрсетілмек. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен біз тәжірибелі медицина мамандарын жұмылдыра отырып, call-орталық ашып отырмыз. Осы арқылы облыс тұрғындары кез келген сауалдарына жедел, әрі нақты жауап ала алатын болады, - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀

Тұрғындар 103, 109 және 112 байланыс нөмірлеріне хабарласып үй жағдайында қалай емделу қажеттігі, оқшаулану тәртібі, қанша мезгілде, қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау керектігі жайлы толық ақпарат ала алады. Операторлар қоңырау шалған азаматтарды дәрігерлермен автоматты түрде байланысқа шығарады.

⠀ - Қазіргі уақытта call-орталыққа 28 жалпы тәжірибелік дәрігер тартылды. Олар коронавирус инфекциясын, ЖРВИ мен пневмонияны емдеу алгоритміне сәйкес консультативтік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің кеңесі арқылы тұрғындар үй жағдайында қандай ем қабылдаулары қажет екенін білетін болады. Бұл жедел жәрдем жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀

Сall-орталық - науқастарға қазіргі жағдайда, әсіресе карантиндік шектеу шаралары кезеңінде қауіпсіз түрде медициналық қызметке жүгіне отырып, уақыттарын үнемдейтін бірден-бір мүмкіндік.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl