Атырауда мамырға дейін онға жуық медициналық нысан ашылмақ

Атырау облысында ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медпункттер іске қосылады, сондай-ақ облыстық балалар ауруханасында МРТ кабинеті ашылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ұлттық «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыстың бірқатар елді мекенінде жаңа медициналық нысандар ашылуда. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына мүмкіндік береді.

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылатын ауылдар: Арна, Құрманғазы ауданындағы Дыңқызыл, Жамбыл, Көптоғай ауылдары.

Жаңа медициналық пункттер ашылатын елді мекендер: Жасқайрат, Құрманғазы ауданындағы Афанасьев, Азғыр, Қоңыртерек, Батырбек, Жалғызапан, Қызылқоға ауданындағы Жантерек, Жамансор ауылдары.

Маусым айында Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында МРТ кабинеті ашылады. Сәуір айында рентгендік сүйек денситометрі пайдалануға беріледі. Бұл бастамалар медициналық қызмет сапасын арттыруға, халықтың заманауи диагностика мен ем алуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT