Атырауда Covid- 19 жұқтырған науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылды

Қауіпті індетке 474 адам шалдыққан

65 жастағы ер адамның жағдайы тұрақты деп бағалануда, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Штаб мәліметінше, 14 мамырда 1955 жылғы науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылған. Қазіргі уақытта Теңіз кеніші қызметкерінің жағдайы тұрақты, оған тиісті хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.

- Одан бөлек, жансақтау бөлімінде жатқан Теңіз кенішіндегі тағы екі жұмысшының да жағдайы жақсарған. Олар 14 мамыр күні инфекциялық стационардан шығарылды, - деді жедел штаб.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 130 адамға жетті. Ал, қауіпті індетке 474 адам шалдыққан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521