Атырауда Covid-19 індетін жеңгендер 93 пайызға жетті

Атырауда вирусты жеңгендер

"Өткен тəулікте 390 адам коронавирустан жазылып шықты" деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.

Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 1219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Айта кетелік, Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны —10717. Олардың 10 002-сі жазылып шықты. Ал облыстағы карантиндік стационарлар толықтай жабылды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521