Атырауда Covid-19 инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелді

«Осылайша, аймақта Covid-19 коронавирустық инфекциясымен тіркелген адамдар саны 290 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың хабарлауынша, 15 науқас Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың жұмысшылары. Олар 1983, 1990, 1985, 1972, 1972, 1986, 1967, 1974, 1999, 1975 жылы туған ер адамдар жəне 1970, 1975, 1994, 1985, 1969 жылғы əйел адамдар.

Ал, үш науқас Атырау облыстық перинаталдық орталығының пациенттері. Олар 1991, 1995, 1989 жылғы əйел адамдар.

Соvid-19 инфекциясы анықталғанға дейін, Теңіз кенішіндегі жұмысшылар карантиндік стационарда науқаспен байланыста болғаны себепті оқшауланған еді. Олардан алынған зертханалық сынамалар, ПЦР зерттеулер коронавирустық инфекцияны растады.

– Жүкті əйелдермен байланыста болғандар ортасы анықталуда. Науқастар инфекциондық стационарға жатқызылды, – деп нақтылады Шұғыл штаб.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сəйкес, бірегей ем-шара қабылдауда.

9 мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы расталған адам саны – 290. 86 адам сауығып шықты.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика