Атырауда балаларға жоспарлы екпе салу басталды

Тамыздың он жетісінен кейін жоспарлы медициналық тексеріс жалғасатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

"Жасы алтыға жеткен балалардың денсаулығын тексеру карантин жағдайында тоқтады. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балалардың жоспарлы вакциналары қайта салынып басталды. Карантин аяқталғаннан кейін алты жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына қандай жағдайда да дайын отыруы керек" - деп нақтылады №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз-қызметі.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl