banner_damu

Атырауда кавасаки әзірге жоқ

Кавасаки

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жасөспірімнің денсаулық жағдайы жақсарып келеді. ⠀

2005 жылы туған жасөспірім мультисистемалық қабыну диагнозымен Атырау облыстық балалар ауруханасына 13 тамыз күні түскен. ⠀

Атырау облыстық балалар ауруханасы бас дəрігерінің орынбасары Орындық Жұбанқызының айтуынша, жасөспірімде ковид инфекциясы нақтыланып отыр. ⠀

"Бастапқыда жасөспірімді тұрғылықты мекен-жайы бойынша, учаскелік дəрігер емдеген. Науқастың дене қызуы жоғарылап, денесінде бөртпелер, тыныс алу жетіспеушілігі және аяқ-қолының ісінуі пайда болғандықтан, жағдайының нашарлауына байланысты, Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды.

Республикалық медицина ұйымдарының бас мамандарымен бірлесіп, кешенді жүргізілген емдеу терапиясының нəтижесінде, соңғы күндері науқастың жағдайында оң динамика байқалды. Тəбеті ашылып, тамақ ішіп, бөтекелері өздігінен жұмыс істей бастады. ⠀

Десе де, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритмге сəйкес, мұндай диагнозбен ауыр жағдайдағы науқастар орталықта емделуі керек. Сондықтан, жасөспірім кеше Алматы қаласындағы педиатриялық және балалар хирургиясы ғылыми орталығының инфекциялық бөлімшесіне Республикалық санитариялық авиациямен жеткізілді" - дейді, Атырау облысы балалар ауруханасы бас дəрігерінің орынбасары Орындық Жұбанқызы.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика