Атырауда 103 адам инфекция жұқтырған

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 80 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 15 адамнан болса,Құрманғазы – 4, Махамбет – 3 және Исатай ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 37 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 54 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 278 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 164, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 261 адам ем қабылдауда.

Атырау облысы денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика