Атырау «сары аймаққа» өтті

Жылыой ауданында 13 адам қауіпті індетке шалдыққан

Атырауда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды,- деп хабарлайды atr.kz

Оның ішінде 53 науқас Атырау қаласынан, 3 науқас Теңіз кенішінен шығып отыр.

«Жылыой ауданында 13, Исатай ауданында 5, Қызылқоға ауданында 3, Құрманғазы ауданында 4, Махамбет ауданында 4 науқас анықталды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

49 науқаста коронавирус инфекциясы симптомды түрде өтуде. Атап өтерлігі, өткен тәулікте 73 емделуші сауығып шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521