Атырау облысында санитарлық - эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Тасқын басталғалы бері, Атырау облысында су арқылы тарайтын жұқпалы аурулар тіркелмеген.

Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакованың айтуынша, мамандар тарапынан судың сапасын бақылауға арналған сынама тұрақты түрде алынуда.
«Мамандар ауыз су және ашық су көздеріне тиісті зерттеулерді апта сайын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда, тасқын болған аумақтардағы ауыз су сапасы гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Десе де, Құлсары, Махамбет, Индер аудандарындағы су сапасы жіті бақылауымызда. Тұрғындарды ашық су көздерін ауыз су ретінде тұтынбауға шақырамын» деді Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакова.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521