Атырау облысында ПТР зерттеулерге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 192 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысына наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 16 636 мың ПЦР-зерттеуге 191,3 млн. теңге қаржы бөлді.

ПЦР-тестілеу халыққа қолжетімді болу үшін Қор зертханасы бар 4 жеткізушімен келісімшарттар жасады. Олардың ішінен: 7 686 тестілер стационарларда және алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 734 тест жүргізілді.

Атырау облысында медициналық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы 77 мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады. Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады.

Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек.

Келесі санат - провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі-бір симптомдар болады және диагноз қою керек. Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты.

Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады. Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521