Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 9 адам тіркелді

Оның біреуі - құлсарылық азамат

(13.06.2020 жылғы мәлімет бойынша) COVID-19 жұқтырған 1 адам 1991 жылы туған Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекеменің қызметкері. Ол ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Тағы 1 адам Жылыой ауданы, Құлсары қаласының 1995 жылы туған ер адамынан тіркелді.

Сондай-ақ 2 жағдай Қызылқоға ауданынан тіркелді. Олар 1993 жылы туған әйел адам, біреуі 1949 жылы туған ер адам. Олар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Ал тағы 4 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1962, 1955, 1967 жылы туған ер адамдар, біреуі 1956 жылы туған әйел адам.

Ал 1 жағдай Құрманғазы ауданының 1955 жылы туған ер адамнан тіркелді. Барлығынан COVID-19 скринингтен өту кезінде анықталған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

13.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1287 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 897.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521