Атырау облысында карантин режимін бұзған 334 дерек тіркелді

Үйлерінде адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 14 отбасы анықталды.

Қатаңдатылған карантин басталғалы Атырау облысында санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топ рейтдік іс-шараларды күнделікті жүргізіп келеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

11-17 шілде аралығында Атырау қаласы мен жеті ауданда ұйымдастырылған рейд барысында бір аптада 334 карантин режимін бұзу анықталды. Азық-түлік дүкені, кафелер мен мейрамханалар тексеріліп, тұрғындардың санитарлық талаптарды орындамауына қатысты 46 факті тіркелді.

Сондай-ақ, үйлерінде адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 14 отбасы анықталды. Мониторингтік топ олардың барлығының дерлік Жылыой аудынында белгілі болғанын айтады. Ең көп 187 факті жеке тұлғаның талаптарды сақтамауына байланысты анықталды. Дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсіуіне қатысты да біраз дерек бар.

- Тексеріс шаралары кезінде өңірдегі дәрі-дәрмектердің шекті бағасын сақтау және дәріханаларда алыпсатарлыққа жол бермеу жөнінде де бірқатар жағдайлар тіркелді. Нақтырақ айтқанда, Атырау облысында дәрі-дәрмектің шекті бағасын сақталуын бақылау бойынша мобилді топ 50-ге жуық дәріхананы тексерді. Нәтижесінде облыс дәріханаларында шекті бағадан асатын бағамен дәрі-дәрмектер сатылғаны анықталды. Анықталған жағдайлар бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады, - деді облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабулов.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521