banner_damu

Атырау облысында 37 бала COVID-19 дертіне шалдыққан

Олардың төртеуі коронавирус инфекциясынан ауруханаларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуова мәлім етті.

Спикердің айтуынша, COVID-19 инфекциясы анықталған (жеңіл немесе симптомсыз түрі) 33 бала дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында.

- Коронавирус жұқтырған төрт бала стационарда емделуде, жағдайы орташа ауыр.

Өткен тәулікте тағы төрт балада коронавирус инфекциясы анықталды», - деді Жанар Садуова.

Жыл басынан бері COVID-19 2803 балада расталды, оның ішінде 143 бала ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, облысқа 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды, жүкті әйелдерді және емізулі аналарды егуге арналған "Pfizer" вакцинасы әкелінеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика