Атырау облысында 3 жасар қыз бала коронавирус індетін жұқтырды

Өткен тәулікте өңірде Covid-19 жұқтырған 12 жаңа жаңдай тіркелді

Исатайлық 3 жасар қыз бала коронавируске шалдыққан адаммен тығыз байланыста болған, деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

– Өткен тәулікте өңірде Covid-19 жұқтырған 12 жаңа жаңдай тіркелді. Оның ішінде 9-ы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Үшеуі – 24 жасар Атырау қаласының тұрғыны, 53 жасар Құлсары қаласының тұрғыны және исатайлық 3 жасар қыз бала, – дейді штабтағылар.

ПТР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі бойынша оларда Covid-19 анықталған. Байланыста болғандар мен инфекция ошақтары анықталып, індет жұқтырғандар инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға тиісті хаттамаларға сәйкес ем жүргізілуде.

Осылайша, 2020 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 891 адамға жетті.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521