Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова кәсіпкерлерге алғысын білдірді

Бұған дейін облыс көлемінде барлығы 111 ИВЛ аппараты болған. Олардың қатары тағы екі жасанды тыныс алу аппаратымен толықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аймақта 1 маусымнан 29 маусым аралығында пневмония ауруымен 422 адам тіркелген. Өсім 89 пайызды құрап отыр. Бұл ретте науқастардың өмірін сақтап қалу үшін жергілікті кәсіпкерлер де көмек қолын созуда. Кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстық ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде таптырмас құралдардың бірі ИВЛ аппараты қойылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова осындай қиын кезеңде көмек көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

- Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау да көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен, бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле-шала қолдау білдіруші кәсіпорындар да табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика