Атырау облысы бойынша 800-ден астам медицина қызметкері 160,4 миллион теңге үстемақы алады

COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. «Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, биыл қыркүйектің қорытындысы бойынша Атырау облысында 800 астам маман 160,476 млн. теңге көлемінде үстемақы алады», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

121020203

Атырау облысы бойынша наурыз айында 857 медицина қызметкеріне қосымша 66,1 миллион теңгеге үстемақы төленді.

Сәуірде - 1080 медицина қызметкері, 158,1 миллион теңге.

Мамырда – 1429 медицина қызметкері, 255,35 миллион теңге.

Маусымда - 2019 медицина қызметкері, 390,59 теңге.

Шілдеде - 2475 медицина қызметкері, 796,1 миллион теңге.

Тамызда – 2205 медицина қызметкері, 476,0 миллион теңге алды. Үстемақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды.

Тізім дайын болғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады. Естеріңізге сала кетейік, егер үстемеақыға қатысты сұрақтар болса, өңірлік комиссияға хабарласу қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 556084, 8/7122/ 556092.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика