Атырау облысы бойынша 18 қарашадағы эпиджағдай

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 28 науқас анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 20 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды, Жылыой ауданында  - 1, Индер ауданында  - 3, Құрманғазы ауданында - 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 21 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 28 адам емделді.

Қазір 136 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 90,

аудандық инфекциялық стационарларда - 22. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 33 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521